Елбасымыз айтқандай, бүгінгі жастар – ертеңгі болашағымыз. Қараталдық өрендер киелі орындарға саяхат жасап, елжандылық сезімін нығайтты. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасын іске асыру мақсатында жас спортшыларға тарихи-танымдық демалыс ұйымдастырылды.
Шара барысында жас спортшылар тарихы тұнып тұрған рухани өлкеге саяхаттады. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі өрендердің тарихи орындарды аралап көру мүмкіндігіне жағдай жасады.
Аудан аумағындағы Ескелді би, Балпық би, Айту би, Жолбарыс батыр кесенелері мен ескерткіштерін аралап, Қарымбай әулиеге кесенетанымдық саяхат жасалды. Жас спортшыларға ата-бабамыздың өмірбаяны, ерлігі, елге жасаған жақсылықтары туралы айтылды.
Туған өлкесін тануға келген жас спортшылар ұйымдастырушылар алқасына ризашылықтарын білдірді. Саяхатшылар ішінде тарихи орындарды бұрын-соңды көрмегендері де бар. Аталған саяхаттан алған әсерлерін сөзбен жеткізе алар емес. Біз жастарды осындай тарихи орындарды аралатуға әкеліп, олардың бойында патриоттық тәрбиені нығайтуымызға әрдайым атсалысуымыз қажет. Бүгінгі жастар — ертеңгі ел болашағы.
Әлия ИСКЕНОВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here