Әрқашан құрметке лайық
Адам жанына шипа болар ақ желеңділер еңбегі орасан. Біліктілігі мен білімі қатар ұштасып, қажырлы қызмет қылатыны хақ. Балтыры сыздаған, басы ауырған ағайынның барар жері емдеу мекемелері екені анық. Кіші буын қызметкерлерінен бастап, дәрігерлерге дейін денсаулықтың парқын түсініп, азаматтарға айрықша жәрдемін береді.
Дәл осындай мейірман жандардың мекеніне айналған «Жаңаталап дәрігерлік амбулаториясы» дерсіз. Аталған мекемеде 1 жоғарғы санаттағы дәрігер, 14 қызметкер жұмыс жасайды. Мейірбикелердің барлығы жоғарғы санатты. Ал амбулатория айына 2000 адамға қызмет көрсетеді. Оның ішінде күндізгі ем қабылдау, тіс дәрігері, зертхана, акушерлік қызметтер көрсетіледі. Бүгінгі таңда 6 шалғай ауылдар мен аймақтарға сапалы қызмет көрсетуде. Меңгерушісі Жазира Есбосынова жас та болса бас болып, әр істің басы қасында жүруге тырысады. Ал әрбір мейірбеке жайсаң мінезімен, жайдары көңілдерімен емделушілерге дәру болуда. Медицина күрделі мамандықтар қатарында. Күн-түн демей еңбек еткен мамандар жұмысы әрдайым бағаланады. Тынымсыз қызметтерінің арқасында ел алғысын алып, биік дәрежеге жетуде. Ендеше, адам өмірін сақтап қалу үшін аянбай тер төгетін мамандар әрқашан құрметке лайық!
Әлия Әлібек

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here