Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі — өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра бермейді. Ол өнерді дамыту немесе жаратпай бос қалдыру әркімнің өз қолында.
1 маусым күні Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізілген облыстық XVII «ЖЕТІСУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2019» атты балалар шығармашылығы байқауы болып өтті. Аталған шараға облыс, аудандардың бүлдіршіндері өнер көрсетті. Өнерлі адамдар әрқашанда жоғары бағаланып халықтың мәңгі есінде қалады. Оған мысал ретінде, ауданымыздың намысын қорғаған «Алтынай» үлгілі би ансамблі өз шеберліктектерін тағы да дәлелдей түсті. Ансамбль Ақгүл Нұрпеисованың көркемдік жетекшілімен өнер көрсетіп, аталған байқауда Алматы облысы әкімінің бас жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында болатын халықаралық «Ақкөгершін» байқауына жолдама алды. Мың бұралған биші қыздарымыз-ауданымыздың мақтаныштары деп айтуға толықтай болады. Өнерпаздардың келешекте елімізге қызмет ететін азамат болатынына сеніміміз мол. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым-жанып тұрған шырақ», деп халқымыз тегін айтпаса керек-ті.
Салтанат Жаксылыкова

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here