4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Заңға сәйкес, бұл күн мемлекетіміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі ретінде ерекше тойланады.
Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн жұртшылыққа кеңінен насихатталды.
Аудан әкімі Рауан Рақымбеков барша қараталдықтар мен қонақтарды рәміздер күнімен құттықтап, елімізде әрдайым бейбітшілік салтанат құрып, тәуелсіз еліміздің гимні асқақтай шырқалып, көк туымыз желбірей берсін, еліміз – аман, жұртымыз – тыныш болып, баққуатты өмір сүруімізге тілектестік білдірді. Осыдан соң аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Отан, туған жер, мемлекеттік рәміздер жайлы жүрек тебірентерлік әндер айтып, патриоттық сезімге бөледі.
А. Бақытұлы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here