1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай орталық алаңда бүлдіршіндерге арналған мерекелік шара өтті. «Нұрлы болашақ» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған балалар мен жастардың шеруіне ауданның барлық білім беру ұйымдарынан 400 жүзге жуық бала қамтылды. Мерекелік шерудің алғашқы көшін ауданымыздың мектепке дейінгі ұйым бүлдіршіндерінің көңілді велосипедшілері бастаса, білім ошақтарынан құрылған барабаншылар, гитарашылар, скрипкашылар және өнерпаздар өнер көрсетті.
Шеру аяқталысымен орталық саябақта балабақша бүлдіршіндері көрермендерді «Ертегілер еліне саяхат» атты шағын қойылымдарымен тәнті етті. Сонымен қатар, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында бастауыш сынып пен балабақша бүлдіршіндері арасында «Әнші болғым келеді» атты байқау ұйымдастырылды. Аудан әкімі Рауан Рақымбеков, мемлекетіміз балалардың көңілдерін кір шалмай, алаңсыз оқу оқып, балалық балғын шақтарын бақытты өткізу үшін барлық жағдайлар жасалып отырғандығын атап өтіп, балаларға мықты денсаулық, мол бақыт, шат-шадыман қуаныш тіледі. Шара барысында өнерлі бүлдіршіндер жиылғандарға өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Барлық білім мекемелерінің қолөнер бұйымдарының көрмелері ұйымдастырылды.
Әлия ИСКЕНОВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here