Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы. Сондықтан біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене ат салысуға міндеттіміз.
Бүгінгі таңда ауданымыздағы №25 балабақшада «Алтын адам» тақырыбындағы челлендж жұмыстарын балабақша балғындарымен түсірдік. Біздің мақсатымыз — алдымыздағы бүлдіршіндерді Қазақстанның мәдениетін білуге тәрбиелеу, Отанды, туған жерді сүюге баулу, ата-бабамызды құрметтеуге тәрбиелеу, бұрынғы заман мен болашақ арасындағы айырмашылықты түсіндіру. Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында халқымыздың бабадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлерін дәріптеуге, ұлттық сананы қалыптастыруға жете мән беріп отыр. Бұл – болашақтың басты бағдары болуы тиіс. Біздің өткеніміз тек ұлтымыздың, оның болашағының негізі болып қана табылмайды. Сонымен қатар, әлемдік өркениеттен орын алатындығын дәлелдей түседі. Біздің даламыз әлем өркениетінде өзіндік орны бар екендігінің тағы бір айғағы – тарих қойнауынан табылған — «Алтын адам». Біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеудеміз.
челленджде «Алтын адам» тақырыбы қаралды. «Алтын адам» тақырыбы бойынша көптеген мағлұматтар жинап, балабақшамызда музей ұйымдастырдық. Балабақша бүлдіршіндерін музейге саяхатқа апарып, ата-бабаларымыздың қолданған көне заттары мен ыдыс-аяқ, киімдерімен таныстырдық. Салт- дәстүрімізді дәріптей отырып «Байғазы беру» салтын көрсеттік. Осы тақырып бойынша мектепалды даярлық «Қарлығаш» тобында «Алтын адам» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here