23 мамыр күні Қаратал ауданының әкімі Р. Рақымбеков Қазақстандағы Консул басшылығы бойынша Корея Республикасының Ким Хынг Су атты консулдық азаматын құшақ жая қарсы алып, қабылдады. Консулдық азаматтың кездесуге келгендегі басты мақсаты — Қаратал ауданымен туыстық, ынтымақтастықты нығайту және достық қарым-қатынасты күшейту.
Айта кетер болсақ, Кәріс ұлтының қиын-қыстау заманда ең алғаш қоныс аударған жерi — Үштөбе қаласы. Олар Қазақстанға 1937 жылы жер аударылды. Сол кезде бауырмал қазақ халқы оларды бауырына басты. Кең қолтық қазақ халқының арқасында олар аман қалды, өсiп-өндi.
Тоталитарлық жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырын тәлкекке салды. Сол жылдары ұлттық мүддені қорғаған зиялыларды, қарапайым еңбек адамдарын жазықсыз қудаласа, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Оларды қоныстандырған жердің қатарында Қазақстан да бар болатын. Осындай аласапыран заманда Қазақстандағы демографиялық ахуалдың күрт төмендеуін жер аударылғандар толықтырды.
Аудан әкімі Рауан Тұрданғазыұлы Қаратал ауданында қазақ ұлты кәріс және өзге этнос өкілдерімен тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын жеткізді. Екі ел арасындағы байланыс достық пейілде дами беретінін айтты.
Салтанат ЖАҚСЫЛЫҚОВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here