Жуырда аудандық «Зекет» қорының өкілі Қанат Егизов қор атынан Тастөбе ауылдық округі Бесағаш ауылының тұрғыны, 1 топ мүгедегі, тұл жетім Мадина Төменбаеваға қайырымдылық жасады. Көмекке зәрі жанға киім-кешек пен азық-түлік беріп, бір қуантты.
Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге сүйішпеншілік пен нақты көмек. Әрі ізгіліктің анық көрінісі. Айналадағы адамдарға деген ықылас мен көмекті, адамгершілік қарым-қатынасты білдіреді.
Құран Кәрімнің «Бақара» сүресі, 272-аятында Алла Тағала: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» деген. Сондықтан қасиетті рамазан айында қолған келген көмегімізді аямай, көмекке зәрі жандарға қайырымдылық жасайық, ағайын!
«Қаратал-ақпарат»

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here