Қасиетті Рамазан айында жұртшылыққа жақсылық жасап, мол сауапқа кенелуді қалайтын азаматтар зекет беріп, бес парыздың бірін мойнынан түсірді. Нақтырақ айтар болсақ, Айту ауылының ауқатты 6 азаматы зекет берді.
Зекет – мұсылмандардың бес парызының бірі әрі кедейлерге берілетін міндетті садақа. Шариғат бойынша, кәмелетке толған ауқатты мұсылмандар ғана жылына бір рет малының, дүние-мүлкінің, дәулетінің қырықтан бір бөлігін Зекет ретінде беруге міндетті.
Аудандық «Зекет» қорының өкілі Қанат Егизов зекетті мұқтаж адамдарға үлестірді. Айту ауылының 17 адамына азық-түлік, 5 қой-ешкі беріліп, көмекке мұқтаж жандар бір қуанып қалды. Халық жақсылық жасаған азаматтарға ризашылығын білдіріп, істеріне сәттілік тіледі.
А. Өмірбаев

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here