Қазіргі таңда адамдарды алаңдатып отырған басты проблеманың бірі – адамдардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы. Қоғамда олардың кішкентай қателіктерінен қаншама адам зардап шегуде. Бір сөзбен айтқанда жолаушылардың салғырттығынан, олардың мас күйінде рөлге отыруы, кәмелетке толмаған балалардың скутер, жеңіл машиналарға ата-ананың рұқсатынсыз отыруы сияқты мәселердің кесірінен көптеген жол көлік оқиғалары орын алуда. Осы мәселе төңірегінде 17 мамыр күні Б. Момышұлы көшесінде жолда қабылдау акциясы өтті.

Аудандық ішкі істер бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шара азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мен олардың осы тұрғыда ойғатүйген түйінді мәселелерін шешуге, жол қозғалысы қауіпсіздік ережесін түсіндіруге бағытталған. Акция барысында қойылған сұрақтардың басым бөлігі ҚР азаматтығын алуға, ықтияр хат алуға, шет елден келген азаматтардың жұмысқа рұқсат алуға жинайтын құжаттары туралы болды. Аталған сұрақтар бойынша жауапты қызметкерлерден тұшымды жауаптар қайтарылды.
«Жолда қабылдау» акциясы әр ай сайын дәстүрлі түрде өтеді. Аты айтып тұрғандай бұл шарада жолда кезіккен азаматтарға түсініктеме, насихат, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Аталған шара әр ай сайын жер-жерлерде өткізіліп тұратын болса, акция мақсаты орындалып азаматтардың құқықтық сауаты, мемлекеттік құрылымдарға, жол полициясы қызметіне деген тұрғындардың сенімі арта түспек. «Жолда қабылдау» құқық бұзушылықтың және де жол ережесін бұзу деректерінің алдын алу, заңдылықты сақтау үшін жасалып жатқан игі шара.
Әлия ИСКЕНОВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here