9 мамыр Ұлы жеңіс күні. Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеген күн. Ерлік жалауы желбіреген шақ. Тәуелсіздік тұғырының берік, еліміздің гүлденуі осынау мерекенің жемісі. Аталған мерекені үлкен-кіші де мақтанышпен тойлайтын күнге жеттік. Бұл әрине, ел қорғаған батырлар мен жаужүрек майдандастарымыздың ерлігінің арқасы. Осыны ескерген №25 балабақша ұжымы 15 мамыр күні Ұлы жеңіске арнап ертеңгілік өткізді. Шараның мақсаты балаларға Ұлы отан соғысына қатысқан батырлардың ерліктерін дәріптей отырып, оларды елі мен жерін қорғауға тәрбиелей білу.

Ең алғаш сахнаға бүлдіршіндер шығып, сонау соғыс жылдарынан сыр шертер қойылым қойды. Қойылымның мазмұны жан-жақтан атылған пулеметь дауысы, аспанда ұшқан самолет, жерде құндақтағы баласын құшақтаған ана. Сұм соғысты әсерлі еткізіп жеткізген тәрбиеші мен кіп-кішкентай бүлдіршіндер жиналғандарды бір ойландырды. Одан соң, қаз-қатар тізілген балалар «Дети войны» биін бар ынта-жігерлерімен билеп шықты. Артын ала, «Қарлығаш» тобының орындауындағы тақпақтар тыңдалды. «Лининградки», «Озерные моряки» билерін балалар патриоттық сезіммен билеп, бүгінгі азат елдің ұрпақтары бақытты екендіктерін баяндайтындай әсер қалдырды. Ал «Қазақстан Сарбаздары», «Достық» әндерін айтқан балалар қамсыз балалық шақ, бейбіт күннің бүлдіршіндері екендіктерін ұқтырғандай болды. Жарты сағат ішінде балалақша балғындары азат, тәуелсіз, көп ұлтты елдің ұландары екендіктерін ұқтырды. Оларды көре отырып кеудемізді қуаныш кернеді. Ертеңгі ақын, әкім, батырлар бар екенін көрсетті. Сахнаға сап түзеп келген балғындар осы көріністі айқындай түсті.
Жиын соңында балабақша меңгерушісі Алмагүл Елдеева сөз алып, жеңіс күні аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік елде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бұл аға буынның жан қияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Қаһарман қайсарлықтың қас үлгісімен көрсеткен қайсар рух пен жалынды жігердің жемісі. Бұл адамзат тарихындағы қанқұйлы соғыс. Миллиондаған адам құрбан болып, бұл жеңісті әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік дей келе, осы кешті ұйымдастырған қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
P.S. Қан майданда ер жігіт етегімен су кешіп, от басқан. Ат ауыздығымен су ішкен. Бабаларымыз сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Иә, жеңістің ақысы қатты болды. Баланы да, ерді де аямады. Тек жан қиярлық ерліктің арқасында бейбіт күнді көрдік. Енді «Ешкім де ешқашан ұмытылмайды». Олардың есімдері ел есінде ғасырлар бойы сақталады.
Әлия ИСКЕНОВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here