«Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» — дегендей, би өнері арқылы адамзатты баурап, оны тәрбиелеуге болатындығын Кеңес педагогы В. Сухомлинский айтып көрсеткен. Әр өнер адамзаттың қайғы-қасіретін, ойын, сезімін, бүгінгі, кешегі, тарихи оқиғаларды адамдарға тән қимылдармен, амал-тәсілдермен жеткізуге тырысады. Би адамның ішкі дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер.

Осы өнерді дәріптеп жүрген ауданымызға белгілі «Балалар шығармашылық орталығы» жас жеткіншектерді өнерге баулып, оларды бәйгеге қосып жүрген жәйі бар. Олардың бірқатары халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары. Дәл осындай өнерлі жеткіншектер 7-10 мамыр аралығында Алматы қаласындағы Чайковский атындағы музыкалық колледжде өткен III халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль конкурсына қатысып, бақтарын сынап қайтты. Жоғарыда аталған орталықтың «Айтұмар» кіші және үлкен би топтары бес түрлі билерімен көпшілікті тәнті етті. Үлкен «Айтұмар» би тобы (бишілері: Әдемі Оңдасын, Аружан Асылбек) «Тұмар», кіші топ (бишілері: Дария Мыңболова, Аружан Нұрғалиқызы) «Айжанқыз» билерін билесе, жеке би бойынша ортаға шығып, Нұрай Нұрсапа «Қызғалдақ», Раяна Көпжасар «Аққу» би арқылы өнерлерін көрсетіп, бас жүлдеге қол жеткізсе, Әдемі Оңдасын «Кербез» биін билеп, 1 орынды иеленді. Оқушылардың өнерге сүйіспеншілігін, өмірге құштарлығын, еңбекке, іскерлікке ынтасын арттыруда жеке тұлға болып қалыптасуына би өнерінің ерекше әсерін жеткізе білген ұстаздарда аталған байқаудан құр қол келген жоқ. Аталған бауқаудың ұйымдастырулары «Жеті Өнер» шығармашылық орталығының директоры С. Курманова «Айтұмар» би топтарының жетекшісі Гүлбақыт Жантемированы 2019 жылдың 6 мамырындағы №002 бұйрығы бойынша өскелең ұрпақты білімге байлығаны үшін «Білім жанашыры» медалімен, ұйымдастыру қабілеті және озық ойы мен іскерлігі үшін «Үздік көшбасшы педагог» медалімен сондай-ақ, құрмет грамотасымен марапаттады.
Би өнерін дұрыс оқытуда осындай ұстаздарымыздың ербегі ерен. Би өнері арқылы тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып, жасұрпақты өнерге тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушының дене бітімін әдемі қалыптасуына үлесі зор, нағыз денсаулықты шыңдайтын пән. Жүлделі орын иегерлерін жеңісімен құттықтап, биік белестерден көріне берсін дейміз.
Әлия ИСКЕНОВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here