9 мамыр – Жеңіс күні Кәлпе ауылында Қаратал ауданының ішкі істер органдары ардагерлерінің төрағасы, толыстағы полиция майоры, «Қаратал ауданының құрметті азаматы» Кеңесбай Мұстафаев 103 жастағы ақ жаулықты ана Зәуре Баеваны марапаттады. Ұлы Отан соғысы жылдарында жеңісті жақындатып, тылда еңбек еткен кейуананың кеудесіне «Победа» қоғамдық медалін тақты. Аталмыш медаль Алматы облысы ішкі істер органдарының және ұлттық «Ұлан» ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Қожақовтың атынан берілген.
— Апа, бүгін міне Ұлыс Отан соығысының аяқталғанына 74 жыл толуына орай, Алматы облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Кусманұлының сізге деген «Победа» медалі бар. Соны өзіңізге таққалы келдік, — деді Кеңесбай Қалиахметұлы.
— Ой, айналайындар! Жарықтарым! Мені елеп-ескеріп келгендеріңе көп рахмет! Соғысты да, ашаршылықты да көрдім. Соқа айдадым. Аллаға шүкір, жаман болғанымыз жоқ. Сендер аман болыңдар, ұрпақ аман болсын! Жамбылдың жасын берсін! Абайдың ақылын берсін! Халқыңнның жақсы азаматы болып, талабына нұр жаусын! – деген Зәуре әже өзін құттықтап келген азаматтарға мәз-мәйрам болды.
А. Бақытұлы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here