Мамыр айының 4 күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау» жөніндегі кезекті комиссия отырысы болып өтті.
Жиынға аудандық аурухананың бас дәрігері Б. Құмаров, аудандық әділет басқармасының инспекторы С. Арпабаев, Бастөбе сервистік техникалық колледжі ұстаздары, М. Горький ОМ ұжымы, Б. Римов ОМ ұжымы, Қаратал аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция майоры Н. Ерболғанов, полиция капитаны Ж. Оразбеков, полиция майоры, аға инспекторы Е. Құрмансейтов қатысты.
Аталған шара аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымовтың төрағалығалық етті. Отырыста аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қуат Оңғаровтың, «Аудандық ішкі істер бөлімінің есебінде және мектепшілік тіркеуде тұрған кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ тұрмысы қолайсыз отбасында тұратын жасөспірімдердің сабақ уақытында сабаққа бармауы талқыланды. Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы проблемалық сұрақтар талқыланып, оның шешу жолдарын табу көзделді.

«Қаратал-ақпарат»

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here