«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін аудан халқы аудандық мәдениет үйінде атап өтті. Аудан әкімі Рауан Рақымбеков бастаған атқа мінер азаматтар ең алдымен аудандық мәдениет үйі дәлізінде қойылған этномәдени бірлестіктердің салт-дәстүрлерінен сыр шертетін ұлттық қолөнер бұйымдары мен тағамдарының көрмесін тамашалады.
Одан соң сахна төріне көтерілген аудан әкімі Рауан Тұрданғазыұлы жиналған көпшілікті атаулы мерекемен құттықтады.
— Халқымызда «Бақ қайда барасың «ынтымаққа барамын» деген дана сөз бар. Бәріміздің басты арманымыз — берекелі-баянды, тату-тәтті өмір сүру. Халқымыздың ынтымақ, бірлігі арта берсін, — деді аудан басшысы.
Мереке қарсаңында көп балалы аналарымыз Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 14 Жарлығымен «Алтын алқа», медалімен Үштөбе қаласының тұрғыны Назым Мукамбаева марапатталса, ал «Күміс алқа» медалін Үштөбе қаласының тұрғыны Баян Қанабекова, Бастөбе ауылдық округ тұрғындары Айгүл Тұрарбекова, Бақыт Аханова алды.
Артын ала мамыр мерекесінің мәдени шарасы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен және түрлі спорт ойындармен жалғасты.
Әлия ӘЛІБЕК

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here