25 сәуір күні «Тастөбе АгроФуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерін ферма маңынан арнайы салынған баспанамен қамтыды. Биыл жыл басынан бері тұрғын үйі жоқ алғашқы 15 отбасы аттады. Келешекте де бұл жерде жатақхана саны көбейіп, жұмысшыларға жақсы жағдай қарастырылмақ. Бірілген жатақханалар отбасы санына қарай екі және үш бөлмелі. Тұрғын үй аймақтары жөнделіп, абаттандырылған. Сонымен қатар, көмір сақтайтын қорасы тағы бар. Аталған жұмыс орнында бір жылдан астам уақыт жұмыс жасайтын отбасы жатақханаға қол жеткізді. Жолдасы малшы, жұбайы аспазшы болып жұмыс жасайтын ерлі зайыптылардың 6 бала бар.
Мереке Оралхан, жұмысшы: — Біз жолдасым екеуміз де жұмыссыз, Үштөбе қаласында жалдамалы пәтерде тұрған едік. Жағдайымыз қиындап кеткен соң Тастөбе ауылдық округі әкімі Алмас Байғұнысов мырзаның көмегімен осы жерге жұмысқа орналастық. Енді міне, ай сайын жалақымызды уақытында алып, балаларымыз жылы үйде отыр. Жұмысым өзіме ұнайды. Балаларымның үлкені студент. Жақсы жұмыс жасасақ сыйақы да бар. Тек бір ғана мәселе Фермаға келер жолда 500 метрлік жол жөнделсе, дұрыс болар еді. Үштөбе аудан орталығы болғандықтан көп қатынаймыз. Сол кезде жол мәселесі кішкене қиындық туғызатыны рас. Ферма жетекшілеріне осындай ықыластары үшін алғысым шексіз. Бұл менің отбасым үшін үлкен көмек, өйткені жалдамалы пәтердегідей ақша төлейміз. Енді біздің жеке пәтерімізге қаражат жинауға мүмкіндігіміз бар, — дейді ол.
Шыңғыс АХМЕТОВ, «Тастөбе Агрофуд» ЖШС директоры:
— Мен осы ферманы 2016 жылы ашқанда 600 ірі қара малды Германиядан алып келген едік. Олар сауынды және етті малдар. Бүгінгі таңда біздің кәсіпорында 75 адам жұмыс жасайды. Аталған жатақхананы көп балалы отбасыларына бірінші беруді ұйғардық. Үй ферма маңында орналасқан. Жұмысшылардың орташы жалақысы 85 мың теңге.
P.S. Қуантарлығы, жұмысшылар тек тұрмыстық, коммуналдық, техникалық қызметтер үшін ғана қаражат төлейтін болады. Жатақханадағы кір жуатын, жуыну бөлмелері мен үлкен асүй жабдықталып, жылы су кіргізілген. Жеке шектеулі серіктестік жетекшісі алдағы уақытта ферма қызметкерлеріне көмектерін көрсетіп тұратындығын атап өтті.
Әлия ИСКЕНОВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here