Мен Қасымов Александр Эдуардұлы 1996 жылдың қараша айында киелі Қаратал ауданы, Оян ауылында дүниеге келдім. Балалық шағым аталған ауылда өтті. 2002-2011 жылдары Оян ауылындағы орталау мектебін бітірдім. 2011-2014 жылдары «Бастөбе сервистік-технологиялық» колледжіне түсіп, «Құрылысшы» мамандығын алып шықтым. Одан соң, 1-2 жылдай мамандығым бойынша жеке компанияларда қызмет атқардым. 2017 жылдың жаз мезгілінде әсерге шақырылып, Қарағанды облысы «6505 Долинка әскери» бөліміне Отан алдындағы борышымды өтеуге аттандым. Араға бір жыл салып туған жеріме оралдым.
2018 жылдың күзінде Жаңаталап ауылындағы «30131 әскери» бөліміне жұмысқа орналастым. Содан бері өзіме артылған істі аяғына дейін жауапкершілікпен атқаруға тырысамын. «Адам жаны мамандығымен бірге жасайды» демейме? Менің осы мамандыққа келуіме балалық арманым себеп болды. Кішкентай күнімізде формадағы әскери адамды көрсек сырттай қызығып қараушы едік. Енді міне, менде әскери адамға айналдым. Менің ойымша әрбір ер азаматқа Отан алдындағы әскери борышын өтеу басты парыз. Әскери адам болғанымды мақтан тұтамын. Өзімнен кейінгілерге үлгі болсам деймін. Ұлтым ұйғыр болсада қазақ даласына адал қызмет етемін. Себебі қазақ даласында туылдым, қазақша еркін сөйлеймін. Бұл менің басты жетістігім деп білемін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here