Бәрекелді!

29 сәуір – халықаралық би күніне орай Ш. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында салтантты жиын өтіп, мерекеде би ұжымдары бар. Солардың қатарында «Алтынай» би ансамбілінің ұжымы да бар. Аудандық би ұжымы мәдени іс-шараларға белсене атсалысып, қол жеткізген жоғарғ ыкөрсеткіштері мен еңбектері үшін марапатқа ие болды.
Жас өрендер жарады

Сәуір айының 27 күні ауданның жас өнерпаздары Алматы қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Жұлдызды қолтаңба» атты көпжанрлы телефестиваліне қатысып, жүлдемен оралды. Нақтырақ йтар болсақ, Эстрадалық вокал жанры бойынша Карина Бабикова, Әдемі Оңдасын, Аңсар Жағыпар, Қайсар Жағыпар 2 орынға және Жанерке Абдықадыр 3 орынға ие болды. Дәстүрлі ән аталымы бойынша Әдемі Оңдасын, Аружан Асылбек 2 орынға қол жеткізсе, аспапта орындау аталымы бойынша Арын Тілеубеков 1 орын, ал Әділет Тұрсынбеков 2 орын иегері атанды. Жеке би номинациясы бойынша сынға түскен Сирослава Сташкова 1 орынды жеңіп алды.
«Қаратал-ақпарат».

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here