Наурыз айының 15 күні аудан әкімдігі ғимаратының алдында «Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар тәртібі» тақырыбында сейсмо жаттығу болып өтті. Оған әкімшілік қызметкерлері қатысты. Шараның басты мақсаты-аудан әкімінің әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан мәслихат, бөлім басшылары апат кезінде ғимараттан шығу жолдарын, ғимарат ішіндегі қауіпсіз орындарды, ғимарат сыртындағы адамдарды қауіпсіз жерге жинау орындарын нақтылау болды. Әр бөлім басшылары аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі штаб бастығы Жәнібек Тасыбаевқа оқу-жаттығуға дайын екендіктері жөнінде мәлімдеме беруден басталды.Одан соң, әкімшілік ғимарат ішінен дабыл қағылып, жер сілкінісі қаупінен сақтану шараларын пысықтайтын хабарлама берілді. Жиналғандар алдында өрт сөндіру қызметкерлері кішігірім көрініс көрсетті. Көріністе 101 қызметкерлері іште қалып қойған адамды зеңбілге салып сыртқа алып шықты. Жараланған азаматқа жедел-жәрдем қызметкерлері алғашқы медициналық қызмет көрсетті. Алдағы уақытта ғимарат ішінде жер сілкінісі болған жағдайда дайын болу керектігі жөнінде ақпарат беріліп, әркез табиғи апатқа дайын болу керектігі ескертілді.

Әлия ИСКЕНОВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here