2 наурыз күні Жамбыл атындағы орта мектебінің базасында «Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында волейболдан аудандық ашық турнир болып өтті. Жас ұрпақты патриоттық сезімге баулу мақсатында өткен шара Ошақбаев Талғат Орынтайұлын еске алуға арналды. Аталған турнирдің ұйымдастырушылары Тастөбе ауылдық округінің әкімшілігі және Ошақбаевтар отбасы. Ашық турнирге 11 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І-орынды Жамбыл атындағы мектеп ұжымының командасы жеңіп алды, ал жүлделі ІІ және ІІІ орынды Кәлпе ауылы мен Тастөбе командалары өзара бөлісті. Жеңімпаз деп танылған командаларға ұйымдастырушылар атынан 1 орынға 25 000 теңге, 2 орынға 20 000 теңге, 3 орынға 15 000 және «Үздік ойыншы», «Қорғаушы», «Шабуылшыларға» мадақтама және кубок, төрелік еткен төрешілерге де мадақтама берілді. Ойындар тартысты және қызықты өтті.

Н.Бірлан , Тастөбе ауылдық округінің спорт нусқаушысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here