Ағымдағы жылдың 22 ақпанында бас бостандығынан айыру орындарынан келген және пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтарға құқықтық-әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Дидар Атантаев және Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметі бөлімі басшысының міндетін атқарушы, әділет капитаны Бақыт Тлеуболдинов келіп, «Нұр Отан» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Теңелбаевтың қатысуымен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық денсаулық, әлеуметтік сала қызметкерлері қатысып, азаматтардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Әлеуметтік-құқықтық жеке оңалту бағдарламасы шеңберінде 2019 жылдың 01 наурызына халықты жұмыспен қамту орталығына 15 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелген, оның 9-ы бас бостандығынан айыру мекемелерінен жазаларын өтеп келгендер санатынан. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен атап айтқанда, қоғамдық жұмысқа – 5 адам, жұмыс беру-шілердің арнайы жұмыс орындары квотасы есебінен тұрақты жұмыспен 3-і қамтылды. Қысқа мерзімді оқытуға 2 адам жазылды. Қысқа мерзімді оқыту сәуір айынан басталады.

2019 жылдың 25 қаңтарында аудандық прокуратураның бастауымен пробация қызметінің ұсынысына сәйкес пробация қызметі бөлімі ғимаратында арнайы ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БҰРЫШЫ ұйымдастырылған.

Жұмыспен қамту бұрышында жұмыспен қамтудың белсенді шаралары және де ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫ туралы мәліметтер мен парақшалар орналастырылған. Электронды еңбек биржасы (www.enbek.kz) арқылы өздерінің түйіндемелерін орналастыруға болатындығы және де жұмыс берушілерден түскен бос жұмыс орындарына сұраныстарды базадан көру мүмкіншіліктері туралы және де азаматтардың интернет желісіне кіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жұмыспен қамту орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы Электронды еңбек биржасы (www.enbek.kz) базасында жұмыс жасау мүмкіндіктері бар екендігі туралы мағлұматтар бар.

Аудандық пробация қызметі мамандарымен осы санаттағы азаматтардың қоғамда орындарын табуына ықпал ете отырып, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылулары үшін  әрі қарай тиімді жұмыстар жалғастырылатын болады.

А. КІЛТБАЕВА, 

Қаратал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here