11 наурыз күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауданның көп балалы аналарымен кездесу жиыны болып өтті. Жиынды аудан әкімінің орыбасары Қайрат Қасымов ашып, жүргізіп отырды.          Ең алғаш мінбеге көтерілген «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Жандос Теңелбаев сөз алды. Ол өз сөзінде: «Өздеріңізге белгілі 27 ақпан күні  елордамыз-Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтті. Мен сол съезге қатысып қайттым. Ауданнан 3 делегат барды. Мемлекет басшысы өз сөзінде 20 жыл ішінде қол жеткізген жітістіктерге тоқталып, елімізде болған барлық оң өзгерістердегі «Нұр Отан» партиясының рөлін ерекше атап өтті. Партия төрағасының съезде алға қойған міндеттері мен тапсырмалары негізінде «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарлама-халықтың аз қамтылған топтарының табысын арттыруға, тұрғын үй мәселесін шешуге, білім беру мен  денсаулық сақтау саласын жақсартуға, өңірлердің кешенді дамуына бағытталған»-деді. Одан соң аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Алмагүл Қарымсақова шығып, 1 сәуірден бастап ұсынылатын атаулы әлеуметтік көмек туралы егжей-тегжейлі айтты. Жиын соңында жиналғандар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.                                                                                                   Әлия ИСКЕНОВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here