Наурыз айының алтысы күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру  мәселелері» тақырыбында семинар болып өтті.  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментімен ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өткен шараға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Бауыржан Сеитов, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Жадыра Кальпебаева, Алматы облысының білім басқармасының жаңа білім беру және инновациялық технологиялар бөлімінің бас маманы Руслан  Арысланов, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері мен мектеп ұстаздары, оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, БАҚ өкілдері.

         Семинарда ең алғаш сөз алған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманыБауыржанЖанатұлы: «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, сонымен қатар «Қазақстан 2050» Стратегиясында еліміздің жаңа саяси бағытының сұрақтарымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Мемлекеттік мекемелердің қызметтерінің негізгі принципі азаматтар әл-ауқатының деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы, айқындығы және қол жетімдігі, олардың адамдар мен бизнестің қажеттіліктері айқын көрініс табуда. Бұл істегі қоғамдық қатысу механизмі біздің сізбен белсенді азаматтық ұстанымымызды, аталған саланың өзекті мәселелерін шешуде мемлекетке жәрдемдесу арқылы тиімді және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге қол жеткізеді»-деді. Одан соң Алматы облысының білім басқармасының жаңа білім беру және инновациялық технологиялар бөлімінің бас маманы Руслан Әлімбатырұлы да білім саласындағы біршама өзгерістерге тоқталып, мемлекеттік қызметтерді электронды форматтқ ауыстыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау тақырыбында кеңінен баяндама жасады. Артын ала Қаратал аудандық халыққа қызмет көрсету бойынша Қаратал аудандық бөлімінің мамандары Динара Баранбаева, Қаламқас Жылқышинова, Серікбол Жұманов электорнды қызмет сапасының тиімді әрі жедел түрде қалаған құжатыңызға қол жеткізуге болатындығын мәлімдеді. Жиын соңында жиналған жұртшылық көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Әлия ИСКЕНОВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here