Өткен жұмада аудандық орталық мешітте көпбалалы аналарға зекет берілді. Ауданның бас имамы Ерік Бөлекбаев пен аудандық «Зекет» қорының өкілі Қанат Егизов ауданда тұратын тұрмысы нашар, көп бала тәрбиелеп отырған жанұялардың тізімін жасап, балықтан зекет таратты.

Нақтырақ айтар болсақ, Көпбірлік ауылының тұрғыны, балықшы Талғат Жақсыбаев жыл бойы аулаған балығынан зекет таратып, 1 тонна 200 келі балық берді.

—  Талғат бауырымыз жыл бойы тапқан табысынан зекет беріп жатыр. Алла тағала риза болсын! Берекесін берсін! Балқаш көлінде балық көбейетін болды. Зекет берген адамның ырысы артады, – деген «Зекет» қорының өкілі Қанат Сарқытбайұлы көпбалалы аналарға табан балық салынған 105 қорап балықты таратты. Жұртшылық зекет берген азаматқа денсаулық, отбасына амандық, ісіне береке тілеп, қайырымды жандар тарапынан берілген көмекке қуанып қалды.

А. Бақытұлы

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here