Біздің қоғамда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, мемлекеттік және саяси мәселелерга белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан, әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға елімізде айырықша мән беріледі. Осы орайда, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Рауан Рақымбеков бір қатар ардагер аналарды, алтын алқа, күміс алқа иегерлерін, әр салада еңбекетіп жүріп зейнетке шыққан аяулы жандарды  қабылдады.

 Осынау жарқын мерекелік қабылдау барысында сөз алған аудан әкімі Рауан Тұрданғазыұлы аналарға сый-сияпатын ұсынып:

— Қадірменді ақ жаулықты аналар! Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын! Жалпы, адамзаттың даму тарихында аналарымыздың алар орны ерекше. Өз тарихымызда қолдарын найза ұстаған әжелеріміз ерлері мен тізе қосып жауға шапса, бірі би, бірі шешен, енді бірі рулы елді басқарған көсем болған. Кеңес үкіметі кезінде де еңбегі мен елеулі аналарымыздың халқы үшін атқарған абыройлы істері аз емес. Егемендік алғаннан бері еліміздің өсіп-өркендеуі үшін аяулы қыз-келіншектеріміз  мемлекеттік және қоғамдық істерге белсене араласып, түрлі салада табысты еңбек етуде. Сондай-ақ, қоғамда атқарған еңбектеріңізбен бірге Отанымыздың негізі жасұрпақты тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңіріп отырсыздар. Үкімет тарапынан ана мен баланы қорғау саясаты, оларға жағдай жасау күннен күнге жақсарып келеді — деді. Сонымен қатар, аналарға мерекелік құттықтауын жеткізген аудандық мәслихат хатшысы Бақыт Смаилов, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Назкен Игенбаев, аудандық аурухананың директоры Біржан Құмаров жиналғандарды атаулы күнмен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі.

      Бұдан кейін мерекелік құттықтау сөз алған аналар кезекпе-кезек өздеріне көрсетіліп жатқан құрметке аудан басшысына алғыстарын айтты.

Әлия ӘЛІБЕК

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here