5 наурыз күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында 7-20-25 бағдарламасы түсіндірілді. Оған аудан әкімі Рауан Рақымбеков, мекеме, бөлім басшылары, мектеп директорлары қатысты. Жиында ең алғаш сөз алған аудан әкімі Рауан Тұрданғазыұлы: «Бұл бардарлама мемлекеттік қызметкерлер үшін ең тиімдісі. Ол үшін сіздің жеке басыңызда несие болмауы керек. Пәтер алуға ұсыныс білдіру үшін банктер берген анықтама қолдарыңызда болу керек. Уақыт өткен сайың ақшаның құны өсіп жатыр, соған байланысты кейін ол аз мөлшердегі ақша болып қалуы мүмкін», деп егжей-тегжейлі түсіндірді.

Одан соң аудан әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаров сөз алып, бағдарламаның шарттарына жеке-жеке тоқталды. Ол өз сөзінде бағдарламаға қатысу үшін келесі құжаттардың болуы жөніндегі талаптарды айқындап айтты. Атап айтқанда, біріншіден әлбетте, азамат сатып алғысы келетін үйін таңдауы керек. Баспананың бағасы айқындалады. Мысалы, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін баспана ең көп дегенде 25 миллион теңге тұрады, басқа аймақтар үшін баспананың максималды бағасы 15 миллион теңгенің шамасында болады», – деп мәлімдеді ол. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Әлия ӘЛІБЕК

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here