«Теміржол саласы қауіпсіздігі, жеткізу мен қызмет көрсету шапшаңдығы жағынан
әлемдік стаңдарттарға, ал тарифі жөнінен саланың негізгі талаптарына сәйкес болуы керек»

Нұрсұлтан Назарбаев

 

 

Теміржол. Есімізге осы бір атау түскенде көз алдымызға алғаш рет Қазақстанда қазығы қағылған Түркісіб темір жолының салынуы келеді. Әлбетте, өмірімізге теміржол желісі енгеннен бастап дүние күрт өзгеріп сала берді. Теміржол бойында елді мекендер мен қалалар бой көтеріп, тіршіліктің қазаны бұрқ-сарқ қайнап жүре берді. Оны айтасыз, Үштөбе қаласы негізінің қалануы да осы шойын жолдың келуімен тікелей байланысты. Әрине, сол тұста Үштөбе теміржол стансасы кейіннен аудан орталығына айналған көрікті қалаға айналады десе жұртшылық сене қоймас еді.

Тарихқа жүгінсек, 1926 жылдың 3 желтоқсанында СССР-дің Еңбек және қорғаныс советі арнайы қаулы қабылдап, Транссібір магистралды құрылысын салуға шешім қабылдады. 1928 жылы Үштөбе стансасының құрылысы басталып, уақыт өте келе тоғыз жолдың торабына айналды.  1930 жылдың 25 сәуірінде Айнабұлақ стансасында Түркісіб учаскесінің оңтүстігі мен солтүстік бағыты бір-бірімен түйісіп, қосылған кезде солтүстік бағыттағы Үштөбе стансасы арқылы ең алғашқы паравоз тартқан пойыз тіркемесі жүріп өткен еді. Заман өзгерді, адам мен жүк тасымалы артқан сайын теміржолға қойылар талап та, қауіпсіздік те күшейді. Күре жол арқылы Орта Азия мемлекетерімен, көршілес Ресейдің Шығыс Сібір өлкесімен және Қытай халық республикасымен байланыс орнады. Аудан үшін өмір жолына айналған шойын жолдың көлік және байланысқа қатысты іргелі оннан астам мекеме қызмет көрсетіп келеді. Соның бірі – Үштөбе станциясы Қазақстан темір жолы «Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының «ЖТ Алматы бөлімшесі» филиалы.

Үштөбе станциясы дерекция тасымалы жұмысына қарай учаскелік болып табылады әрі  1 санатқа жатады. Мекеменің негізгі қызметі – транзитті жүк және жолаушылар тасымалданатын пойыздарды кідіріссіз қабылдау, локомативтерді және локомотив бригадаларын ауыстыру, учаскелік және құрамалы пойыздарды  қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Үштөбе станциясында локомотивті пайдалану депосы, Үштөбе белгі беру және байланыс дистанциясы, Үштөбе электрмен жабдықтау мекемесі, вагонға қызмет көрсету мекемесі, № 32 Қалпына келтіру мекемесі секілді он мекеме жұмыс жасайды.

2017 жылы станция арқылы 55441 тонна жүк тиелген 975 вагон тиісті орынға жөнелтіліп, 2122 вагон жүк түсірілді. Үштөбе станциясы дерекция тасымалы ұжымы былтыр 7034 жүк және 3457 жолаушылар пойызы қабылдап, жөнелткен болатын.  2018 жылдың 9 айында салмағы 53443 тонна болатын 1039 вагон тиісті елді мекендерге жөнелтілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 63 вагонға артық, яғни 118 пайызды құрап отыр. Негізінен көмір тиелген вагондар келеді. Осы мерзімде 5805 жүк және 2694 жолаушылар пойыздарын қабылдап, жөнелттік.

Ұжымда 82 адам қалтықсыз қызмет етеді. Станцияда еңбек ететін қызметекерлердің басым бөлігі біліктілігі жоғары, ең кемі 20 жылдан астам жұміс тәжірибесі бар. Мекеме жұмысшылары өзіне тапсырылған әр іске жауапкершілікпен қарайды.

2009 жылы теміржол салысындағы ерен еңбегі үшін Мұрат Биболов «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды. Ардагерлер арасында осындай құрметті атақпен Тұрғантай Дуспаев, Александр Федеренко марапатталған еді. Қазіргі таңда жақсы қырынан көрініп жүрген қызметкерлер арасынан Светлана Абишева, Салтанат Беделбаева, Тимур Бөкенбаевты айрықша атап өтуге болады. Пойыз құрастырушы Сергей Мялкин, Бақытжан Оспанов, Жүк пен багаждардың датчиктердің қабылдаушы Нұргүл Иманғалиева, Нұрлан Лаубаева, тауарлық касссирші Қызжібек Маширбетова, Жанар Даутована атап өткен ләзім. Сонымен бірге ұзақ жылдан бері өзі ісіне адалдық танытып еңбек етіп келе жатқан станция бастығының орынбасары Ербол Ниетжанов, Еңбекті қорғау бойынша инжинер-технолог Айткүл Дөненбаевты бөле-жара айтар едім.

Осылайша, Үштөбе станциясы дерекция тасымалы аудан арқылы мыңдаған тонна жүктердің тасылып, ел экономикасының қарқынды дамуына өз үлесін қосып келеді.

Ермек Кощегулов,

Үштөбе станциясы Қазақстан темір жолы «Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының «ЖТ Алматы бөлімшесі» филиалы.   

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here