* Сәті түскен сұхбат

 

      Таяуда қасиетті Қаратал топырағына елімізге белгілі саясаттанушы Айдос Сарым арнайы ат басын бұрып, президент Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндірді. Алматыдан келген құрметті қонақпен сұхбаттасудың сәті түскен еді.  

— Айдос мырза, қасиетті Қаратал өңіріңе жасаған қадамыңыз құтты болсын! Ауданға келудегі басты мақсатыңыз қандай?

— Қаратал ауданына келудегі мақсат  — «Рухани жаңғыру» аясында халықпен кездесу.

— Бағдарламаға көзқарасыңыз қандай? Толықтыратын жерлері бар ма?

—  Толықтыратын да жері бар, істейтін де жері бар. Бізде ең өкініштісі – көбіне-көп науқаншылдыққа кетіп қалатын сияқтымыз. Екіншіден, шығармашылық дейді ғой, басқа тұрғыда қарап, өңдеу қажет. Ішінде бірнеше жоба бар. Мысалы үшін ең үздік деген жобаның бірі – «100 жаңа есім». Кез келген нәрсе локомотивке айналу керек сияқты. Ұлттық аударма бюросы құрылды. Жақсы болсын, жаман болсын, ішінде қаншама мамандар бар, қазір сұрыпталады. Бұл — жақсы бір тәжірибе, жылдамырақ дамып келе жатқан нәрсе. Мысалы үшін соның ішінде бір аударма орталығы құрылуы керек сияқты. Мысалы, әлемдік әдебиетті аударды. 100 оқулық қана емес, 100 Нобель сыйлығының лауреатын аудару, 100 Букер сыйлығының шығармасын аудару деген сияқты мәселе қолға алынса жөн болар еді. Меніңше, әр саланың өзінің жүздігі болуы керек. Әр сала өзі тағайындағаны жөн. Мысалы, ғалымдар жүздігі жасақталса, болашағынан үміт күтетін ғалымдарды анықтаса деймін. Яғни, әр саланың жүздігі болуы керек. Жүз теміржолшы деген секілді. Орталық оған өзі қызығушылық танытып, соны жасап отырса нұр үстіне нұр болар еді.

— Өзім әдебиетке жақын болған соң сұрақты «Жаһандану әлеміндегі заманауи қазақстандық мәдениет» жайында өрбітсем. Қазіргі таңда қазақ әдебиетін бірікке ұлттар ұйымының алты тіліне аударып жатыр ғой. Сіздің ойыңызша ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз тілдерінен бөлек, тағы қандай тілдерге аударылуы керек деп ойлайсыз?

— Нарық ретінде Біріккен ұлттар ұйымының алты тіліне аудару қажет. Бірақ көп нәрсені, бәлкім қандай нарыққа шығып кететінімізді өзіміз білмейтін шығармыз. Әдебиет деген феномен ғой. Жоқ жерден біреу танымал болып кетеді. Екі нәрсені жасау керек сияқты. Біріншіден, жапондар, басқалар сияқты ұлттық әдебиетті қолдау кәдімгі мемлекеттік бағыттың бір түрі болуы керек. Мынау Мураками, қазір біз оқып жүрген жапон жазушыларын кезінде жапон үкіметі өзі аударған. Біздің болмысымызды ашсын, бізді әлемге танымал қылсын деген тұрғыда аудара бастаған. Қазір шын мәнінде, ол біреуге ұнасын, біреуге ұнамасын, үлкен жазушылардың біріне айналды.

— Біз Жапониядан басқа тағы қандай елдерден үлгі алуымыз керек?

— Норвегия деген ел бар. Кіп-кішкентай ғана ел, 6-7 миллион халқы бар, иманды ел біз сияқты. Оның адам басына шаққандағы гуманитарлық ғылымдардың саны әлем бойынша көшбасшы. Жұрттың бәрі мұнайшы бола алмайды, яғни бізде гунитарлық интервенция жүруі керек. «Біз, — дейді олар. – Өте тұйық елде өмір сүреміз, біздің азаматтардың көзі ашық болуы керек». Міне, төл жазушыларының шығармаларын шетелге аудару осындай саясаттан туындаған. Жақында мен Энрике Фокент деген норвегиялық жазушымен таныстым. Содан кейін қал сұрасып, әңгімеге тарттым. Сөйтсем ол Жапониядан бастап Солтүтік Корея, Қытай, Қырғызстан, әйтеуір Ресеймен шекаралас бүкіл елді аралап, кітап жазып жүр екен. Осы күнге дейін орта Азяи елдері туралы «Советстан» деген кітап жазған. «Шекарада тұрып жатқан елдердің болмыс қандай?» деген тақырыпта жазып жатыр. Ол енді біраз ақша ғой. Өзіңіз ақша шығарсаңыз шығын, қонақ үйге жату керек, шәй ішу керек деген сияқты. Сөйтсем былай екен: Норвегияда мемлекеттік қорларға барып «Біз Ресеймен шекаралас елміз. Бізде үміт пен күдік біріккен жағдайларымыз бар, біресе Ресейді жақсы көреміз, біресе жек көреміз, бірақ құдай берген көршіміз ғой» айттым дейді. «Бізге Ресеймен көрші болу деген не?» деген тақырыпта ізденейік деп, содан грант алған. Венгр әдебиетін Норвег тіліне аударам десеңіз, сізге грант береді. Былай қарасаңыз, Венгрия он қайнаса сорпасы қосылмайтын ел.

— Бізде гуманитарлық гылымдар дамуы керек деп айтып қалдыңыз.

— Иә, бізде гуманитарлық гылымдар дамуы керек. Ғаламдардың жүріп-тұруына, басқасына жеткілікті қаржы бөліну қажет. Біле білсеңіз, газет деген үлкен әңгіме болып кетті ғой. Ойбай, интернет келді, газет құриды дедік. Керісінше, Норвегияда газеттердің, кітаптардың таралымы өсіп жатыр. Орталық деген газеттері кем дегенде 400 мың данамен тарайды. Неге содан үлгі алмасқа? Яғни, мұнайдан, басқадан келетін нәпақа халықтың шын рухани өсуіне, әлемге жақындауына, басқасына ықпал етуі керек деген түсініктері бар. Меңінше, бізге де үлгі алатын нәрсе. Қазақстан қаншалықты иновациялық тұрғыдан, робототехника, басқадан, қай тұрғыдан дамып жатқанын білмеймін. Дөп басып айта алмаймын. Бірақ кем дегенде иновациялық, гуманитарлық интервенция жүру керек сияқты.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбатты жүргізген: Асхат Өмірбаев

      

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here