Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді. Осы орайда 27 ақпан күні күндізгі болу орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты семинар өтті. Семинарға аудандық сот төрағасы Жарас Арыстанбеков, аталған мекеме қызметкерлері қатысты.

Ең алғаш  сөз алған аудандық сот төрағасы Жарас Себжанұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатаң жаза қаралатындығын және бұл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылып жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, күндізгі болу орталығы мемлекеттік мекемесінің директоры Ирина Байқазақова «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы айта келе және оның еліміз үшін маңызды құжат екенін түсіндірді. Жемқорлық мәселесінің Ұлт жоспарында да ұмыт қалмағанын атап өтті.

Өткізілген іс-шараны қорытындылаған аудандық сот төрағасы Жарас Себжанұлы алдағы уақытта елмен тығыз байланыста жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

Әлия ИСКЕНОВА

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here