26 ақпан күні орталық алаңында «Көктем–2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Көктемгі кезеңге басқару органдарын және азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын әзірлікке келтіру мақсатында өткен шараға 15 азаматтық қорғау қызметтері мен 10 ауылдық округ әкімдіктері, 67 техника қатысты.

Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жинақталған қызмет командирлерінің азаматтық қорғау бастығының орынбасары А. Қалиасқаровқа баянат беруден басталды.

Жиналған барлық қызмет топтары аудан әкімінің орынбасары А. Мейрамғалиұлына «Көктем–2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына және көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықтарын көрсетті. Сонымен қатар, шара барысында төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссия тарапынан тасқын су алып кету аймағы белгіленіп, су өткізу орындарының есебі алынды. Хабарлау және байланыс жүйесінің дайындығы, шұғыл әрекет ету отрядының, төтенше жағдайлар және апаттан құтқару қызметтерінің дайындықтары, бас бөгет, дамбылардың ахуалы, Қаратал өзені және арықтардың жағдайлары тексеріліп, олардың басты назарда болуы қатаң ескертілді.

Әлия ИСКЕНОВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here