15 ақпан күні Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Абай атындағы орта мектебі Балқаш бастауыш мектебімен» КММ-де «Айтуға оңай»  бағдарламасы аясында іс-шара өткізілді. Шара ауған соғысының ардагері, мектеп директоры Мұрат Тілеубай құрметіне өткізілді. Биылғы жылы Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты жоспар жасалған болатын.

Сол жоспар бойынша мектепте сынып жетекшілер сынып сағаттарын, кездесу кештерін өткізуде. Атап айтсақ, 7-сынып жетекшісі Құмарбек Гүлжахан «Жат жерде от кешкендер», 10-сынып жетекшісі Ж. Токсанбаева «Ауған ақиқаты», бастауыш сынып мұғалімдері «Ауған ардагеріне құрмет» т. б. сынып сағаттарын өткізді. Сонымен қатар мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен ауқымды «Айтуға оңай» деген тақырыпта кездесу кеші өткізілді. Өткізілген іс-шараға Мұрат Қалиұлының отбасы, достары, бауыры шақырылды.

Шараны мектептің бастапқы әскери дайындық жетекшісі Төлеуқасым Есіркеген жүргізді. Мектеп ұжымының бірауыздан қатысуының арқасында  Мұрат Қалиұлының балалық шағынан бастап, өмір жолы туралы әңгіме болды. Сонымен қатар, ауған жерінде басынан кешкен оқиғалары, ерлік істері айтылды. Өз кезегінде сөз алған  Мұрат Қалиұлы ұзақ жылдарды артқа тастаған, бүгінде тарих қойнауында қалған сол кезді есіне алып, болған оқиғаларын тебіреніспен айтқанда көрермендердің көңіліне ой тастап, көздеріне еріксіз жас келді. Айтуға оңай, дегенмен, ол кез өтті. Енді ондай соғыс болмасын, бейбітшілік заман болсын деп жақсы тілектер айтылды.

Кеш соңы әсем әндер мен әуезді билер, үздік әзілдермен жалғасын тапты. Кәсіподақ төрайымы Енлик Коханова Мұрат Қалиұлын Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл болған айтулы күнмен құттықтап, кәсіподақтың атынан сыйлық табыстады. Мектебіміздің директоры, ауған соғысының ардагері, аудандық мәслихат депутаты Тілеубай Мұрат Қалиұлына зор денсаулық, еңбегіңізге табыс, тек жақсылық тілейміз.

Самат ИСАЕВ,

«Абай атындағы орта мектебі Балқаш бастауыш мектебімен»

КММ-нің тәрбие ісінің меңгерушісі.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here