*

Қазіргі таңда баспаналы болуды қалайтын отбасылардың саны арта түсуде. Әсіресе, қалалы жерде жеке тұрғын үй алғысы келетіндер қатары көбейіп келеді. Жұрт мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер алып, қоныс тойын тойлауды армандайды.
«Нұрлы жер» бағдарлама аясында Үштөбе қаласында 60 пәтерлі пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жалгерлік үй құрылысын жүргізіп жатқан «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС мердігер құрылыс компаниясы қазан айында пайдалануға бермек. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын құрылыстың жалпы құны 409 миллион 332 мың теңгені, пәтерлердің ортақ ауданы 3171 шаршы метрді құрайды. Аталған бағдарлама мемлекеттік инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналаған және өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламалардың тетіктерін біріктіреді.
— Қазіргі таңда құрылыс алаңында 70-ке жуық адам еңбек етіп жатыр. Солардың басым көпшілігі – үштөбеліктер. Жұмыс жоспардан бойынша жүріп жатыр, құрылыс материалдарын жеткізу бойынша ешқандай кедергі жоқ. Құрылыс алаңындағы барлық техника сақадай-сай жұмыс істеп тұр. Нысанды белгіленген мерзімде аяқтауға бар күш-жігерімізді салып жатырмыз, — дейді учаске бастығы Бекзат Каримов.
«Нұрлы жер» бағдарламасы 5 негізгі міндеттерді іске асыру арқылы жұртшылықтың тұрғын үй мәселесін кешенді түрде шешуге бағытталған. Дәлірек айтқанда, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мен тұрғын үй құрылыс жинақтары арқылы өткізілілетін несиелік тұрғын үй салу әрі жеке құрылыс салымшыларды тұрғын үй салуға ынталандыру мен ипотекалық несие берудің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан аудандағы көпқабатты үйге қызығушылар қатары артып келді.
А. Өмірбаев.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here