Ақпан айының 16 күні Талдықорған қаласында бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Республикалық «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» балалар шығармашылығы байқауы болып өтті.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, баланың бойындағы табиғи дарын ұшқындарын сөндіріп алмай, шығармашылық еңбек үстінде оған қанат бітіріп, білімге шексіз құштарлық дәнін сепкен ұстаздарымыздың еңбектері орасан зор. Үштөбе балалар шығармашылығы орталығының ұстаздары саз өнерін үйретіп қана қоймай, өнерлі өрендерді сахна төріне шығарып, шығармашылық бәйгеге қосып, әрдайым қанжығалары майланып жүлдемен оралып жатады. Жастар жылына арналған осы байқаудада қараталдық өнерпаздар өздерін жоғары деңгейде көрсете білді. Атап айтсақ: Әдемі Оңдасын, Айғаным Ерғали, Аружан Асылбек бас жүлде иегері атанды (жетекшісі: Анар Байгөбек). Флейта аспапта ойнау номинациясы бойынша Ердос Сергазинов 1-орынға ие болды (жетекшісі: Анар Байгөбек). Ал фортепиано аспапта ойнау номинациясы бойынша Фариза Фаимқызы бас жүлде (жетекшісі: Ляйля Сейдвалиева), эстрадалық вокал номинациясы бойынша Әдемі Оңдасын бас жүлде, дәстүрлі ән номинациясы бойынша Алтынай Ақан 2-орын, Ерсұлтан Оңдасын 2-орын, Ерасыл Қадыров 3-орын (жетекшісі: Анар Байгөбек) алды. Домбыра аспапта ойнау номинациясы бойынша Ердос Сергазинов бас жүлде (жетекшісі: Жанар Туткабекова), Эмиль Ким 1-орын (жетекшісі: Төлеухан Қанатбаев), Нұрбахыт Нұртлеу 1-орын, Ерасыл Нұрхамит 2-орын, Асылжан Ролланқызы 3-орын, Әмір Тыналин 3-орын, (жетекшісі: Айгул Сүлейменова) Ердос Сергазинов 1-орын, Әдия Қарлық 2-орын (жетекшісі: Жанар Туткабекова), Тоғжан Садыған 2-орын, (жетекшісі: Гульназ Изекенова), эстрадалық вокал номинациясы бойынша Аружан Алмасқызы 2-орын, Досжан Шертай 3-орын, (жетекшісі: Аршынбек Дастан), фортепиано аспапта ойнау номинациясы бойынша Кристина Юдакова 1-орын (жетекшісі: Галина Кон), Алика Сырчина 1 орын, (жетекшісі: Динара Дүкенбаева) Раушан Орманбек 3 орын (жетекшісі: Ляйля Сейдвалиева), «Алтынай» үлгілі би ансамблі орта топ 2-орын, үлкен топ 2-орын (жетекшісі: Акгул Нурпеисова) бас жүлде алды. Өнерпаздар Алматы қаласында, маусым айында өтетін супер финалға жолдама алды. Өнерпаздарымыз әрдайым өнердің биік шыңдарын бағындыра беруіне тілектеспіз.

«Қаратал-ақпарат»

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here