Берері мол бағдарлама
Ақпан айының 19 күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тасыбаевтың төрағалығымен жиын болып өтті. Жиынға «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Алматы облысы филиалының директоры Мади Ибадуллаев, ауыл, қала округ әкімдері, шаруа қожалықтарының жетекшілері, жеке кәсіпкерлер қатысты.
Күн тәртібінде мал шаруашылығын өркендетуге, жайылымды суландыруға арналған бағдарламаны жүзеге асыру мәселесі қаралды. Жиында ең алғаш сөз алған «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Алматы облысы филиалының директоры Мади Ибадуллаұлы: «Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы жыл санап қарқынды дамып келе жатыр. Мал шаруашылығында да ілгерілеушілік сезілуде. «Сыбаға», «Ырыс» бағдарламасы бойынша қойылатын негізгі талаптарға, ірі қара, ұсақ мал, жылқы шаруашылығын дамытуға лайықталған мемлекеттің субсидиясына, жайылымды суландыратын инфрақұрылым құрылысын несиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Аталған бағдарламалардың тиімділігін ел арасында насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде. »-деді. Сонымен қатар, бағдарламалар және несие серіктестігі арқылы жүзеге асырылатын, берілетін несиелер жөнінде кеңінен түсіндіріп, көпшіліктің сауалдарына тұшымды жауаптар қайтарды. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Шоғалұлы қорытындылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here