* Имандылық иірімдері

Өткен жұмада аудандық орталық мешітте ауданның бас имамы Ерік Бөлекбаев, аудандық «Зекет» қорының өкілі Қанат Егизовтің ұйымдастырумен көпбалалы отбасыларға зекет берілді.
— Бүгінгі қайырымдылық шарада көктемде киетін жаңа, жақсы киімдер берілді. Атап айтсақ, балаларға арналған киімдер мен сөмкелер, ересек адамдарға арналған аяқ киімдер таратылды. Зекет берген адамның берекесі артады. Алла тағала зекет берген азаматтарға мол сауаптан жазсын! – дейді ауданның бас имамы Ерік Аманкелдіұлы.
Қайырымдылық шарасында 17 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, 30 жұп аяқ киім, 2 қой, 28 дана мектепке арналған сөмке берілді.
— Ауданымыздың тұрғыны Қыдыров Руслан киім-кешек, аяқ киімдер берсе, «Кәмшат» дүкенінің иесі Алма Бекбосынова 17 көпбалалы отбасына күнделікті тұтынатын тауарларды зекет қылды, — дейді «Зекет» қорының өкілі Қанат Сарқытбайұлы.
Зекет – Алла тағала таранынан бекітілген бес парыздың бірі. Бұл парыз ақыретте сұралмақ. Зекет беруге шамасы бар адам парызын өтемесе, мойнынан қарызы түспейді. Ендеше, қолда барды бауырымызбен бөлісіп, тұрмысы төмен отбасыларына жылы қабақ танытып, сауапты амал жасайық, ағайын!
А. Бақытұлы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here