«Абай атындағы орта мектебі Балқаш бастауыш мектебімен» КММ-нің ұжымы мектепте өткізіліп жатқан «Қамқорлық» акциясына белсене атсалысуда.

Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету болатын. Мектеп бойынша аз қамтылған оқушылар анықталып, тіркелген болатын. Осы акция аясында мектепте ақпан айының басында «Тәттілер» жәрмеңкесі өткізілді. Оған мектеп ұжымы,оқушылар, әкімшілік ұжымы қатысып, көмек қолдарын созды. Осы жәрмеңкеден түскен қаржы әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы оқушыларына өздеріне керекті заттарын алсын деп «Сыйлық» ретінде берілді.
Абай атамыз: «Үщ-ақ нәрсе адамның қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек» деген екен. Олай болса балаларға жақсылық жасап, жүрек жылуын аямайық. Мұндай қайырымдылық акциясы әлі де жалғасады деп сенеміз.

Утежанова Г.К.
«Абай атындағы орта мектебі
Балқаш бастауыш мектебімен» КММ-нің
әлеуметтік педагогы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here