Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын арналған болатын.

Онда Мемлекет басшысы жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керектігін айтып, мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдағандығын жария еткен еді. Сайлау 2013 жылдан бастау алды. Міне, осы Жолдаудың негізінде еліміздегі барлық деңгейдегі әкімдер сайлана бастады. Қызмет мерзімі әр төрт жыл сайын. Таяуда Айту би ауылдық округінің әкімі Бопы Батырбаев аудандық депутаттардың сайлауымен қайта сайланды. Бопы Тобажанұлына аудан әкімінің тағайындау туралы № 02-0-Ж/Қ өкімі шықты. 11 қаңтар күні аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов, аудан әкімі аппаратының басшысы Мұрат Иманбаев, ұйымдастыру, мемлекеттік және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Еркебұлан Накипов арнайы келіп, ауыл халқымен таныстырды. Жиын барысында Айту би ауылдық округінің әкімі Бопы Тобажанұлы төрт жыл ішінде атқарылған жұмыстарға тоқталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әкім халыққа үнемі жақын болуға, елдің мұң-мұқтажын бес саусақтай білуге тиіс» деп атап көрсеткендей қайта сайланған ауыл әкімі алдағы уақытта халықпен етене жұмыс атқарады деп күтеміз.

  • Әлия ИСКЕНОВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here